Әйелдер денсаулығы және гигиенасы

Күніңізді пайдалы әдеттен бастаңыз

1,2 мин. Оқу
Күніңізді пайдалы әдеттен бастаңыз

Жаңа өмірді «дүйсенбіден» бастау міндетті емес. Әйтеуір бастауға тырыссаңыз болғаны. Бірнеше жаңа әдет өнімді болуыңызға ғана емес, өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге де көмектеседі. Өзіңізге жақын нәрсені таңдап, оны ертең-ақ бастаңыз.

Жаңа әдеттер

  1. Таңертең контрастілі душ қабылдаңыз – бұл бір шыныаяқ қою кофе сияқты оянуға көмектеседі.
  2. Денеңізді тік ұстаңыз, түзу жүріңіз. Денені тік ұстау арқа үшін ғана пайдалы емес, сонымен қатар өзіңізге сенімділік беретіні және күннің өнімді болуына әсер ететіні дәлелденген.
  3. Жиі-жиі тамақтаныңыз: бір уақытта күніне 4-5 рет. Бұл күні бойы өзіңізді оңай және жігерлі сезінуге көмектеседі!
  4. Күніне кем дегенде 10 парақ оқып көріңіз, сонда дүниетанымыңыздың қалай кеңейетінін байқайсыз.
  5. Күн сайын шет тілінде 5 жаңа сөз үйреніңіз, бұрыннан бері барғыңыз келген елдің тілін таңдай аласыз және жақын арада жоспарланған сапарда біліміңізді көрсете аласыз!

Қорытынды

Күні бойы жақсы көңіл-күйде жүру қиын емес! Жалпы күлімдеп жүруге, ата-анаңызбен және достарыңызбен сөйлесуге және интернетті азырақ қарауға тырысыңыз. Адамдарға ешқандай себепсіз мақтау сөздерін айтыңыз, сонда айналаңыздағы әлемнің қалай жарқырап, мейірімге толғанын көресіз!

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.