Алғашқы етеккір
Қыз бала болған кезден әйел адамға өзгерген таңғажайып өтпелі саяхат кезінде жасайтын маңызды қадамдардың бірі – алғашқы етеккір. Бұл туралы әңгіме көп, бірақ бұл әрбір әйелдің басынан өтетін құбылыс.
Бұл құбылыстың артықшылықтарын іздеуге тырысыңыз. Сіз әйел боласыз, бұл мақтанарлық жағдай!
Етеккір циклі
Етеккір циклі – бұл қынаптан аздап қан кету. Қан кету бірнеше күнге созылады және циклмен, шамамен 28 күн сайын жүреді. Цикл етеккірдің бірінші күнінен бастап келесі етеккірдің бірінші күніне дейін созылады. Кейбір циклдер қысқа, ал басқалары ұзағырақ болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, сондықтан тұрақты емес немесе «қалыптан тыс» циклдерге алаңдамаңыз.
Қыздарға етеккір не үшін керек?
Бұл сұрақ өте жиі қойылады! Жауап өте қарапайым. Сіздің денеңіз бала туу үшін жаралған. Етеккір денеңізде аналық жұмыртқа мен алғашқы жүктіліктің жетілуіне дайын екенін білдіреді.
Етеккір қашан басталады?
"Етеккір әр қызда түрліше басталады, 9 немесе 18 жас аралығында, бірақ қыздардың көпшілігінде алғашқы етеккір 12 немесе 13 жаста басталады. Есіңізде болсын, белгілі бір уақыт жоқ: етеккіріңіз денеңіз дайын болған кезде басталады.
Етеккір басталар алдында мыналарды байқауыңыз мүмкін:
Етеккір басталмас бұрын сіз жыныстық жетілу кезеңінен өтуіңіз керек, бұл шамамен екі жылға созылады."
Осы уақыт ішінде сіз мыналарды байқайсыз:
"- Емізік өзгереді, сол кезде кеудеңіз өсе бастайды.
- Қасағаңызда және қолтығыңызда түктер өсе бастайды.
- Бойыңыз ұзарып, жамбасыңыз үлкейе түседі.
- Шашыңыз да, теріңіз де майланады.
- Алғашқы безеулер пайда болады.
- Көңіл-күйіңіз өзгере бастайды.
- Жақын құрбыңызға (анаңызға емес) сене бастайсыз."
Етеккір басталар алдында мыналарды байқауыңыз мүмкін:
"- Ішкиіміңіздегі ақ дақтар немесе қоңыр шырыш.
- Үлкен дәреттің сұйық болуы.
- Жамбастың құрысуы.
- Емшектің ауыруы.
- Тамақ жеуге, атап айтқанда, шоколадқа деген құштарлық.
Егер осы белгілердің біреуін байқасаңыз, өзіңіз сенетін жанмен, мысалы анаңызбен, әпкеңізбен, мұғаліміңізбен немесе құрбыңызбен осы жайында сөйлесіңіз. Өйткені қыздар бірге жүруі керек!"
Қандай гигиена құралдары қажет?
"- Төсемелер немесе тампондар сияқты жеке гигиена тауарлары. Біз Kotex® Designer Ultra Young Pads төсемелерін ұсынамыз. Мектеп сөмкеңізге бірнеше данасын салып қойыңыз.
- Лас төсемелерге арналған кішкене қалташа.
- Ыстық су құйылған бөтелке немесе етеккір кезіндегі ауырсынуды басатын дәрі.
Алғашқы етеккір қайғылы оқиғаға айналмауы керек, бұл мереке! Уайымдамаңыз, жинақы болыңыз және бұл құбылыс орын алған бірінші немесе соңғы әйел сіз емес екеніңізді ұмытпаңыз."