Табу тарихы немесе неліктен етеккір стигматизацияланады?
Соңғы жүз жыл ішінде етеккір тақырыбына тыйым салынған, ол туралы сөз қозғалмайтын, ұят болатын және аңызға айналды.
Бастапқы кезде төсемелер мен тампондарға тыйым салынған, құпия тауар болды. Кейінірек жарнама роликтерінде «етеккір» сөзінің орнына «осы» немесе «қиын күндер» деген сөздер қолданылатын. Әйелдер етеккір туралы тыныш және астарлап сөйлесуге тырысқанда, оларға көбінесе «ұят» деп жекіп тастайтын.
Етеккір
Етеккір тақырыбының ұзақ уақыт бойы ұят тақырып болғаны соншалық, стигматизация 21 ғасырда да орын алды. Бірақ қазір біз етеккір қалыпты жағдай деп қабылданатын жаңа дәуірге енді-енді ғана аяқ бастық.
Тарихтың бастауы туралы бірер сөз.
"Әрбір дәстүрлі дінге сәйкес, етеккір кезінде әйел таза болмайды екен: буддистер етеккірі келген әйел тамақ дайындамауы, күйеуіне қол тигізбеуі керек деп сенді; мұсылмандар намаз оқуға тыйым салды; православие христиандары әйелдің ғибадатхананың табалдырығын аттауына тыйым салды. Непалда 2005 жылға дейін етеккірі келген әйелді немесе қызды басқа адамдардан оқшаулау дәстүрі болған. Оны «тазаланғанша» арнайы лашық үйге апарып тастайды екен.
Етеккірді стигматизациялаудың басты қиындығы – адамдар оның не екенін түсінбеді."
Kotex
"Kotex стигмаға қарсы алғашқы қадам жасады. Бірақ қалай?
1946 жылы Kimberly-Clark арнайы білім беретін мультфильм түсіруді өтініп, Disney Pictures-ке жүгінгенін көп адамдар біле бермейді.
«Етеккір тарихы» - бұл 10 минуттық анимациялық фильм, ол санитарлық білім беру сыныптарындағы шамамен 105 миллион американдық студентке көрсетілді.
Гинеколог Мейсон Хон фильмнің тек білім беру және интерактивті ғана емес, сонымен бірге ғылыми тұрғыдан дәл екендігіне көз жеткізу үшін арнайы кеңесші ретінде жұмысқа қабылданды.
Көрермендерге «етеккірде таңғаларлық немесе жұмбақ ештеңе жоқ» деп айтылды және бәрін етеккір циклін нақтылау үшін анимациялық диаграмма түріндегі мысалдармен көрсетті. Кадрдағы әйелдер оның қалыпты жағдай екенін көрсету үшін емін-еркін атқа отырды, би биледі, тіпті, етеккір кезінде ашық су қоймаларында шомылды!
Біз бір нәрсені ашық талқылаудан тартынбаған кезде соқыр сенім мен стереотиптерге жол берілмейді."