Жылына 60 күннен қалай айырылып қалмауға болады?
Ойлап қараңызшы, әйелдің бір жыл ішінде келетін етеккір күндерінің орташа саны 60 екен. Бойымыздағы қорқынышымыз бен ішкі кедергілерімізге байланысты етеккір кезінде өзімізді соншалықты жиі шектейміз. Бірақ Kotex-пен бірге сіз әдеттегі кез келген басқа күн сияқты өзіңізді ыңғайлы сезінесіз! Біз жаныңыздан табыламыз.
Kotex тарихы
Бүгінгі таңда ыңғайлы, жақсы сіңіргіш және шағын төсеме немесе тампон сияқты инновациялық өнімдерді ойлап тапқаннан кейін әр әйел өмірін әдеттегідей өткізіп, етеккір кезінде өзін шектемеуіне болады. Бірақ бұл әрдайым дәл бұлай болған емес.
100 жыл бұрын әйелдерде қазіргі кездегі барлық гигиена құралдары болмаған деп санайтындар аз. Ал етеккір тақырыбына қоғамда тіпті, тыйым салынған.
Тек Бірінші дүниежүзілік соғыс оқиғалардың әрі қарайғы барысын алдын ала анықтады. Алдыңғы шептегі медбикелер Kimberly-Clark компаниясы жеткізетін арнайы крептелген қағазды таңу материалдары ретінде пайдаланды. Соғыстың соңына қарай компанияға медбикелерден хат келіп түсті, олар бұл өнімдерді тек таңу үшін ғана емес, сонымен қатар етеккір кезінде әйелдер анағұрлым қозғалыста болу үшін бір реттік төсемелер жасау үшін пайдаланамыз деп жазылған екен.
Етеккір тақырыбы ұят тақырып болғанына қарамастан, Kimberly-Clark компаниясы ""коттон"" (мақта-мата) және ""текстура"" деген сөздердің тіркесінен пайда болған «Kotex» деген кодтық атауы бар жаңа өнімді сата бастады.
Әйелдер дәріханаға келіп, «котекс» деп айтса болды, ішінде төсемесі бар ақ қорап олардың қолдарына тиген екен.
Төсеменің пайда болуы қанша жерден жаңалық болса да, олардың сатылымы бірден керемет бола қойған жоқ.
Мұның бірнеше себебі болды: белгілі бірнеше рет пайдалануға болатын төсемелерді пайдалану әдеті, қоғамдағы етеккір тақырыбына салынған тыйым және жаңа өнімді сатып алудан ұялу.
Kotex ескірген ережені өзгерту керек екенін түсініп, белсенді түрде әрекет ете бастады.
Бренд танымал газеттер мен журналдарда әйелдер денсаулығы туралы бірқатар білім беретін материалдар жариялады, сонымен қатар зауыттарда төсеме тарататын автомат машиналар орнатты.
Әрине, етеккір кезіндегі ауырсыну – үйде қалып, демалып жатуға себеп болмақ.
Ал егер етеккір кезінде өз мақсатыңызға қол жеткізуге қорқынышыңыз бен наным-сеніміңіз кедергі болса, Kotex-тің пайда болу тарихын есіңізге түсіріңіз, бүгін сіз өзіңізді жеңіл әрі еркін сезіну үшін біз 100 жыл бойы жұмыс істегенімізді есіңізден шығармаңыз.