Жеке деректерді жинау мен өңдеу келісімі

Осы арқылы «Кимберли-Кларк Қазақстан» (әрі қарай — «Компания») ЖШС-не, сондай-ақ Компанияға жеке деректерді жинау, сақтау және өңдеу бойынша, сондай-ақ оларды шекарааралық жіберу бойынша қызмет көрсететін өзге үшінші тұлғаларға поштаны, электрондық поштаны, SMS, MMS хабарламаларды, телефон қоңырауларын, мессенджерлерді және т. б. қоса, кез келген әдіспен Компаниямен таратылатын "Huggies", "Kotex", "Kleenex”, “Depend” тауар белгілерінің тауарлары (әрі қарай — «тауарлар») туралы маған ақпарат беру мақсатында; поштаны, электрондық поштаны, SMS, MMS хабарламаларды, телефон қоңырауларын, мессенджерлерді және т. б. қоса, кез келген әдіс арқылы мені ақпараттандыру және менің жарнамалық акцияларға, белсенділіктер мен Компанияның басқа да іс-шараларына қатысу мүмкіндігімді қамтамасыз ету; өткізілген іс- шараларды бақылау және олар туралы есеп жасау мақсатында, сондай-ақ маған үлгілерді, жүлделерді, тауарларды жіберу мақсатында келесі әрекеттерге келісім беремін:

а) менің https://kotex.kz сайтында берген және толтырған, сондай-ақ болашақта басқа акциялар, белсенділіктер, сауалнамалар және кез келген өзге іс-шаралар аясында берілетін, хабарланатын жеке деректерім мен баламның (балаларымның) жеке деректерін, суретімді қоса, соның ішінде ақпарат жүйелерін пайдалана отырып, жинау, өңдеу, жүйелеу, иесіздендіру, жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, жою;

б) мені көрсетілген тауарларға байланысты ақпаратпен, соның ішінде жаңа тауарлар, қаптамадағы, акциялардағы, белсенділіктер мен іс-шаралардағы өзгерістер туралы ақпаратпен пошта, телефон қоңыраулары, SMS, MMS хабарламалар, электрондық пошта, мессенджерлер арқылы және т. б. жолмен қамтамасыз ету;

в) өткізілген жарнамалық акцияға, белсенділікке немесе басқа да іс-шараларға қатысты, олардың өткізілу барысы туралы, сондай-ақ тауарлар туралы менің пікірімді алу үшін маған хабарласу;

г) менің жеке деректерімді шетел мемлекеттеріне (трансшекаралық беру), соның ішінде ақпарат жүйелерін пайдалана отырып беру;

д) жоғарыда аталған мақсаттар үшін Компанияның үлестес тұлғаларына, оның мердігерлері мен қосалқы мердігерлеріне және жеке деректерді өңдеу мен жарнамалық акцияларды, белсенділіктер мен өзге іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсететін олардың үлестес тұлғаларына, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға, соның ішінде ақпарат жүйелерін пайдалана отырып, менің жеке деректерімді ашу, беру. Осы келісім шектелмеген мерзімге берілген.

Мен осы келісімді толық немесе ішінара жоя аламын (қайтарып ала аламын), сондай-ақ «Кимберли-Кларк Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050040/A15T0G9, Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 28 «В» мекенжайы бойынша Компанияға жазбаша өтініш жасау арқылы жеке деректерді кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын. Көрсетілген жазбаша өтініште жүгінген жеке деректер субъектісі туралы келесі мәліметтер болуы тиіс: тегі, аты, әкесінің аты; жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі; көрсетілген құжаттың берілген күні мен оны берген орган туралы мәліметтер; өтініш мәні, қолы.