Ыңғайсыздық және етеккір
Менің әпкем 21-де. Осы айда оның етеккірі тек 1 күн ғана болды. Бұл қалыпты ма? Оған алаңдау керек пе?
Егер сіздің әпкеңізде мұндай жағдай бұрын болмаған болса және ол етеккір басталғанға дейін шамамен екі апта бұрын жыныстық қатынасқа түскен болса, оның бір себебі жүктілік болуы мүмкін. Ұрықтанған жұмыртқа жатырдың ішкі қабатына енген кезде аздап қан шығуы мүмкін. Әйелдер бұл етеккір деп ойлайды, бірақ шынында олар жүкті. Біз оған жүктілікті анықтайтын жедел тест сатып алуға кеңес берер едік.
Мұндай «бір күндік етеккірдің» тағы бір себебі гормоналды препараттар болуы мүмкін.
Қалай болғанда да, дәрігерге жүгінуді ұсынамыз.
Қалай болғанда да, дәрігерге жүгінуді ұсынамыз.
Менің кеудем әрқашан етеккір келер алдында ауырады, неге?
Бұл кеуденің «циклдік» безінің өзгеруі деп аталады, ол қыздың етеккір циклі басталып, әр цикл сайын менопаузаға дейін жалғасады. Кеудедегі өзгерістер циклдің ортасында, қызда гормондардың деңгейі жоғарылаған кезде басталады. Содан кейін, етеккір басталар алдында гормондар төмендеп, қан кетеді. Бұл кеудеде ауырлық сезімін және ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Осы кезеңде жақсы ұстап тұратын және ыңғайлы бюстгальтер киіңіз.
Көп келетін етеккірдің себебі неде?
Кейбір қыздарда шамадан тыс етеккір генетикалық бейімділікке байланысты болады – басқаша айтқанда, қыздың анасының етеккірі секілді. Кейбір әйелдерде шамадан тыс ауыртып келетін етеккір эстроген жиналатын артық май тінімен байланысты. Эстроген – жатырдың ішкі қабатының өсуіне көмектесетін гормон. Эстроген көп болса = анағұрлым қалың төсеме = шамадан тыс етеккір.
Етеккір кезіндегі ауырсынуды тоқтату үшін не істей аламын?
Етеккір басталғанға дейін бір күн бұрын аспирин ішуді ұсынамыз. Етеккір кезінде ауырсынуды азайту үшін жылытқыш сияқты жылы затты басыңыз. Немесе ыстық ванна немесе душ қабылдаңыз. Сіз сондай-ақ дәрігерден тиісті ауырсынуды басатын дәрі ұсынуын сұрай аласыз.
Етеккір кезінде ішім қатты ауырады, неге?
Ішіңіз ауырады ма немесе төмен қарай орналасқан жатыр ауырады ма? Кейбір әйелдерде етеккір басталғанға дейін бір күн бұрын «іштің бұзылуы» болады немесе етеккір келетін күні жүрек айнуы мүмкін. Екінші жағынан, жамбастың ауруы әдетте жатырдың жиырылуы кезінде пайда болады, бірақ ол зәр шығару жолдарының инфекциясынан немесе кіші жамбас мүшелерінің басқа да инфекцияларынан туындауы мүмкін. Егер ауырсыну жылыдан азаятын болса – ванна, душ немесе ыстық су бөтелкесі – бұл «етеккірдің ауруы» болуы мүмкін. Дәрігерден осы қиын кезеңде көмектесетін. ауырсынуды басатын дәрі ұсынуын сұраңыз! Егер ауырсыну төзгізбей жатса, онда міндетті түрде гинекологке жүгініңіз.
Менде әрқашан етеккір алдында ауырсыну басталады, ол үшін алаңдауым керек пе?
Етеккір басталғанға дейін етеккір ауруының пайда болуы қалыпты жағдай және бұл туралы алаңдамауға болады – оның алдын алуды үйреніңіз. Етеккір процесі туралы айтып берейік. Сіздің жұмылған жұдырығыңыздың көлеміндей жатырды елестетіп көріңіз - енді «толғаққа» ұқсату үшін жұдырығыңызды қысыңыз, жатыр эндометрия деп аталатын ішкі қабықты бұзу үшін етеккір басталғанға дейін осылай әрекет етеді. Сондықтан да ішіңіз ауырады. Терең дем алыңыз, ішіңізді сипап, жылытыңыз.
Етеккірдің ауырсынуының себебі неде?
Етеккірдің ауырсынуы әдетте жатырдың «жиырылуынан» туындайды. Бұл жұмылған жұдырығыңыздың көлеміндей қуыс бұлшықет органы, жатырды тазарту үшін эндометрия деп аталатын ішкі қабықты бұзу үшін «қысылуы» керек. Простагландин деп аталатын гормон жатырдың жиырылуына көмектеседі, бірақ егер әйелде бұл гормон тым көп болса, толғақ өте күшті және ауыр болуы мүмкін. Простагландинді етеккір басталғанға дейін бір күн бұрын аспирин қабылдау арқылы бақылауға болады.
Етеккір кезінде құсу қалыпты жағдай ма?
Кейбір қыздардың жүрегі айниды – бұл қорқынышты емес. Тек көп сұйықтық, оның ішінде тойымды сорпа немесе ыстық шоколад ішіңіз.
Етеккір кезіндегі ауырсыну менің жүкті болу мүмкіндігіме әсер ете ме?
Жоқ, бұл екеуі бір-бірімен мүлдем байланысты емес.
Мендегі бөліністердің иісі жаман. Неге?
Жағымсыз иісі бар бөліністер әдетте инфекцияның барын көрсетеді, оны емдеу керек. Вагинальды инфекциялардың барлығы жыныстық жолмен берілмейді, мысалы бактериялық вагинит. Дәрігерге қаралыңыз – неғұрлым ерте емделсеңіз, соғұрлым жақсы.
"Неліктен мендегі бөліністердің иісі жағымсыз және түсі өзгертеді."
Қынаптың немесе жыныс мүшесінің қышуымен, тітіркенуімен және қызаруымен бірге жүретін иісі бар бөлініс инфекциялық бөлініс болып табылады. Түсі сары, жасыл немесе ақ болуы мүмкін, көбіктеніп, жағымсыз иіске ие болуы мүмкін. Мұның бәрін дәрігер тексеріп емдеуі керек. Егер сіз жыныстық қатынаста болсаңыз, сіздің жігітіңіз де емделуі керек, өйткені кез-келген инфекция көптеген асқынулар тудыруы мүмкін.