Психология және қарым-қатынас

Жаңа жұмыс: қалай тез бейімделуге болады?

1,5 мин. Оқу
Жаңа жұмыс: қалай тез бейімделуге болады?

Жаңа жұмыс орнына шығу – бұл қашанда стресстік жағдай. Бірақ мұны мүмкіндігінше ыңғайлы ету жолдары бар. Жұмысқа дейінгі маршрутты жоспарлау, ұжыммен танысу, алғашқы бірлескен түскі ас және жаңа міндеттер. Жұмысты бастау - бұл әртүрлі қиындықтар уақыты.

Не істеу керек?

  • Тәттілер апарыңыз.
    Ұжымға сіңіп кету оңай болу үшін печенье апарып, бірге шай ішуге тырысыңыз, сол кезде жаңа әріптестеріңізбен бейресми жағдайда танысасыз.
  • Танысыңыз.
    Әріптестерім келіп, менімен танысады деп күтіп отыра бермеңіз, өзіңіз бастамашыл болыңыз. Лифтте немесе асүйде, кез келген ыңғайлы жағдайда жаңа адамдармен амандасыңыз және сөйлесіңіз.
  • Сол компанияда бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқан жандармен дос болыңыз, олар кеңес беріп көмектеседі.
    Қандай тәсілдердің әсерлі екенін білетін, қайсысы әсер етпейтінін зерттеген «кеңсенің байырғы қызметкерін» тауып алып, жаңа жерге үйренуге көмектесуін сұраңыз.
  • Сұраңыз, сұраңыз және тағы да сұраңыз
    Жұмыстың бірінші аптасындағы өте нашар әдет — бұрышта үнсіз отыру. Сұрақ қоюдан тартынбаңыз, адамдар жаңадан келген адамның қызығушылығын бағалайды.

Қорытынды

Жаңа жұмыстың басталуы қашанда стресстік жағдай. Бейтаныс адамдарға, бейтаныс ортаға бейімделу өте шаршатады. Сіз жұмыс жолына толығымен кірмейінше, өзіңізге уақыт бөлуді ұмытпаңыз. Көп жұмыс істеуге және әсер етуге деген ұмтылыс түсінікті, бірақ өзіңізді қалжыратып, тәулік бойы жұмыс істеуге жол бермеңіз. Жақсы тамақтаныңыз, демалуға уақыт табыңыз.

Жобалар мен әріптестеріңіз керемет болсын деп тілейміз!

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.