Барлығы жеке және бөліністің көптігіне байланысты.
Орташа алғанда, төсемені немесе тампонды әр 3-4 сағат сайын ауыстыру керек.
Қыздық пердеде диаметрі 1,5-2 см болатын етеккір шығатын саңылау бар. Kotex тампондары осы саңылауға еркін өтуге арналған, бірақ сонымен бірге ағып кетуден сенімді түрде қорғайды. Сонымен қатар, етеккір кезінде қыздық перде өте серпімді болады, сондықтан ол оңай зақымдалмайды.
Егер тампонды пайдалану сізге ыңғайлы болса уайымдамай, қолдана беріңіз. Тампонды дұрыс енгізіп жатқаныңызға көз жеткізу үшін нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Біріншіден, қорықпаңыз! Тампон салу қорқынышты да, қауіпті де емес.
Біріншіден қаптамадағы нұсқаулармен танысып шығыңыз, онда тампонды енгізу тәртібін егжей-тегжейлі сипатталып, көрсетілген. Бірақ егер түсінбеген жері болса, онда сізге көмектесу үшін біздің шағын нұсқаулығымызды ұсынамыз!
- Қолыңыздың таза екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
- Тампонды орамынан алыңыз (ол сызық бойынша бұру арқылы ашылады) және жібін тартыңыз.
- Тампонды қандай позицияда енгізу ыңғайлы болатынын анықтаңыз. Мұны дәретханада отырып немесе бір аяғыңызды ваннаның шетіне қойып тұрып көріңіз.
- Тампонды ыңғайлы етіп алыңыз. Ең қолайлы әдіс – сұқ саусақты тампонның түбіне қойып, жіпті бос қалдыру.
- Босаңсытып, тампонды қынаптың түбіне ақырын салыңыз: алдымен жоғары, содан кейін диагональ бойынша артқа қарай. Жіптің сыртта болуын қадағалаңыз.
- Енді жүріп, секіріп, отырып көріңіз – тампонның ыңғайлы екеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз оны сезбесеңіз – бәрі дұрыс жасадыңыз! Егер тампон іште сезілсе – оны сәл әрі қарай жылжытып көріңіз. Алаңдамаңыз, тампон еш жерде «жоғалып» және әрі қарай кетіп қалмайды.
Етеккір алдындағы арқаның ауырсынуы омыртқаның қисаюынан туындауы мүмкін. Кейде бұл жатырдың жиырылу кезінде оның алға емес, артқа еңкейген кездегі күйінен туындайды.
Уақытынан бұрын алаңдамаңыз. Кешігу жүктілікке байланысты болмайтын әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін: тұрақты емес етеккір циклі, қарқынды спорт, стресс, кейбір дәрі-дәрмектерді қолдану, салмақтың өзгеруі. Егер етеккір 6-7 күнге кешіксе – бұл циклдің қалыпты ауытқуы.
Егер ол 7 күннен астам уақытқа кешігіп жатса немесе сізді басқа себептермен мазаласа, гинекологпен кеңескен дұрыс. Тек кәсіби маман мұндай кешігудің себебін дұрыс анықтай алады.
Өкінішке орай,біз сіздің жасыңызды және медициналық тарихыңызды білмейміз, бірақ сіздің жағдайыңыз – ерекше жағдай. Олай болмауы керек. Мүмкіндігінше тезірек дәрігерге қаралыңыз.
Қышу мен тітіркенуді тудыратын кез келген бөртпе (циклдің кез келген кезеңінде) медициналық кеңес беруді қажет етеді – бұл молочница немесе жыныс мүшелерінің инфекциясы болуы мүмкін. Келесі жолы сізде бұл бөртпе пайда болған кезде оны анықтау және емдеу үшін дәрігерге жүгініңіз.
Біздің операторлар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін 8 800 070 89 10 жедел желі телефоны арқылы жауап беруге қуанышты болады