Бәрі етеккір туралы

Етеккірдің көп келуі

1,2 мин. Оқу
Етеккірдің көп келуі

Етеккір кезінде шығындының көп болатынына, кейде орташа болатынына назар аудардыңыз ба? Көптеген әйелдерде етеккір бірінші күні қарқынды болады, содан кейін азаяды. Бірақ қарқындылық 5, тіпті, 7 күнге созылатын жағдайлар да болады. Осыған тоқталайықшы.

Қан жоғалту

"Әдетте, етеккір кезінде қан жоғалту 30-дан 80 мл-ге дейінгі аралықты құрайды. Түсінікті болу үшін әрбір толық сіңген гигиеналық төсеме немесе тампон шамамен 5 мл қанды сіңіреді, яғни орташа есеппен әйелдер бір етеккір кезінде 6-16 төсемені немесе тампонды пайдаланады.

Төсемені немесе тампонды сағат сайын ауыстыру керек болатын, яғни күніне 6-7 төсемені қолданатын (оның үстіне 7 күннен аса келетін) жағдай етеккірдің шамадан тыс көп келуі болып саналады, бұл кезде қан кету қарқынды болады."

Меноррагия

"Бұл жағдай меноррагия деп аталады және анемияны тудыруы мүмкін, сондай-ақ көбіне мұндай шамадан тыс көп келген етеккір толыққанды өмір салтын жүргізуге кедергі келтіретін күшті спазммен бірге жүреді.

Біз ешқандай практикалық кеңестер бермейміз, етеккір шамадан тыс келеді деген күдігіңіз болса, дереу гинекологпен кеңесіңіз.

Бірақ барлық қыздарға қатысты жалпы ұсынысымыз бар – қан көлемін сақтау үшін көбірек су ішіп, өзіңізді қорғаңыз.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.