Бәрі етеккір туралы

Жеке гигиена мәселелері

1,8 мин. Оқу
Жеке гигиена мәселелері

Қыздар, сырласатын уақыт келді! Әйелдердің денсаулығы – бұл әр қыздың өміріндегі маңызды тақырып, бұл бізге инфекциялардан және қажетсіз аурулардан қорғануға мүмкіндік береді.

Сарпай

Алдымен бір нәрсе түсініп алайық. Қынап – бұл жатырға өтетін жол, ал оның сырты мен айналасындағы аймақ сарпай деп аталады. Дені сау қынаптың схемасына назар аударыңыз.

Есіңізде болсын, сарпай – бұл тері, сондықтан ол дененің кез келген жеріндегі бөртпе сияқты қабынуы немесе тітіркенуі мүмкін.

Егер сарпайдың жағдайы нашарласа, дәрігерге қаралыңыз. Әйтпеген жағдайда, мынаны қолданып көріңіз:

- Жуғыш құралдың барлық қалдығын кетіру үшін ішкиіміңізді жақсылап шайыңыз.

- Ішкиімге арналған жоғары сапалы шайғыш құралды қолданыңыз.

- Душқа түскен кезде тырнамауға тырысыңыз!

- Қышуды азайту үшін антисептикалық тальк қолданыңыз.

- Осы аймақтың тітіркенуіне жол бермес үшін қысатын киім кимеңіз.

- Тітіркену басылғанша қырынбаңыз және балауызды қолданбаңыз.

Қынабыңыз таза болу үшін

Қынабыңыз таза болу үшін және инфекция түспеу үшін мынадай бірнеше іс-әрекет жасай аласыз:

- Тампонды енгізгенге дейін және одан кейін қолыңызды жуыңыз.

- Күн сайын жеке гигиенаны сақтаңыз, күніне бір немесе екі рет душ, ванна қабылдаңыз немесе жуыныңыз.

- Ұнтақ немесе әтір сияқты вагиналды косметиканы қолданбаңыз.

- Кір жуған кезде иіссіз сабын қолданыңыз.

- Сүлгіңізді басқа адамдардың пайдалануына бермеңіз.

- Үнемі жаттығу жасаңыз және жақсы тамақтаныңыз.

- Мүмкіндігінше 100% мақта-матадан тігілген ішкиім киіңіз.

- Тым ұзақ уақыт өте тар джинсы киюге болмайды, әсіресе, қышытатын шығынды кезінде.

- Төсемелер мен тампондарды жиі-жиі ауыстырыңыз.

Дәрігерге барудың себебі

Егер мына белгілердің біреуін немесе бірнешеуін сезінсеңіз, дәрігерге қаралыңыз:

- Қынаптың кіреберісінің айналасындағы аймақтың қышуы, тітіркенуі немесе ауырсынуы.

- Дәретхананы пайдалану кезінде ашу.

- Күшейген немесе ерекше шығынды.

- Жыныс аймағының ісінуі.

- Көп мөлшерде қан кету.

- Жағымсыз иіс.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.