Бәрі етеккір туралы

Гинекологқа бару

2,6 мин. Оқу
Гинекологқа бару

Гинеколог – бұл әйелдің репродуктивті денсаулығын қадағалайтын маман. Бұл дәрігер етеккірге байланысты қиындықтар туындаған жағдайда көмектеседі, егер жыныстық қарым-қатынасқа түсуді жоспарласаңыз, жүктілікті болдырмайтын құралдар жазып береді. Қыздарға жоспарлы тексеру аясында кем дегенде, 5-6 айда бір рет гинекологқа бару ұсынылады. Репродуктивті сала органдарына тән шағымдар болған жағдайда бейінді дәрігерге бару міндетті.

Гинекологқа жүкті болуды жоспарлаған кезде, жүкті болған кезде, «әйел денсаулығына» қатысты қиындықтар туындаған кезде немесе мынадай жағдайларда бару керек:

- 16 жасқа дейін етеккіріңіз басталған жоқ.

- Етеккіріңіз келгенде қатты ауырады.

- Етеккіріңіз өте ұзақ, мол немесе ауыр өтеді.
 
- Етеккір арасында қанды шығынды бар.
 
- Бір ай ішінде жиі-жиі қан кетеді.
 
- Жамбасыңыз ұзақ уақыт бойы ауырады.
 
- Жағымсыз иісі бар шығынды болғанда (егер әлі жыныстық қатынасқа түспеген болсаңыз да).
 
- Жыныстық қатынастан кейін шығынды пайда болған кезде.
 
- Жыныстық қатынасқа түсуді жоспарлаған кезде (мұндай жағдайда серіктесіңіз сізбен бірге барып, тексеруден өтуі керек)     

 

Гинекологқа қашан бару керек?

Жыныстық қарым-қатынасқа түспес бұрын гинекологқа баруыңыз керек. Жыныстық қарым-қатынасты бастаған кезде сізге тұрақты түрде қабылдауға бару керек. Мынадай жағдайларда қабылдауларды жіберіп алмау керек:

 

- Жағымсыз иісі бар, көбікті, жасыл, сары, ақ және / немесе қышытатын шығындылар болған кезде.

  •  Етеккіріңіз тұрақты емес. 
  • Етеккір кезінде ыңғайсыздық немесе ауырсыну бар. 

Әдетте, әрбір қыз бала өзіне гинеколог таңдайды, ол жыныстық өмірі басталған сәттен бастап бірінші бала туылғанға дейін өзіне ыңғайлы маман іздейді. Бір гинекологқа барсаңыз, ол сіздің ауру тарихыңызды білетін болады және сізді жақсы түсінеді. Гинекологқа сену – өте маңызды. 

Әдетте, дәрігердің қабылдауында не болады?

Егер әлі пәк қыз болсаңыз, тексеруден өту керек медициналық көрсеткіштер болмаса, онда сізге тек өткен және балалық шақтағы ауруларыңыз туралы, сондай-ақ сізге жасалған оталар туралы негізгі сұрақтар қойылады. 
Инфекцияның бар-жоғын тексеру үшін сізге қан талдауын белгілейді. 

Егер жыныстық қатынасқа түсуді жоспарласаңыз, онда АИТВ-ға тест тапсыру қажет болады. Сондай-ақ серіктесіңіз де жыныстық қатынасқа түспес бұрын АИТВ-ға және жыныстық жолмен берілетін басқа аурулар мен инфекцияларға қан талдауын тапсыруы керек.
Кеудеңізде түйіршіктердің бар-жоғын тексереді. 

Егер жыныстық өмірді бастауды жоспарласаңыз, жүктілікке қарсы құралдардың қалай әсер ететінін және оларды қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіну үшін жүктілікке қарсы құралдардың қандай екенін талқылау ұсынылады. 

Сондай-ақ дәрігер етеккір, көңіл-күй, тәбет және салмақ туралы есеп жүргізуді ұсынуы мүмкін.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.