Әйелдер денсаулығы және гигиенасы

Етеккір үзілісі дегеніміз не?

3 мин. Оқу
Етеккір үзілісі дегеніміз не?

Ерте ме, кеш пе, әрбір әйел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – етеккір үзілісінің орын алатынын ойлай бастайды. Көбінесе бұл ойлар алаңдаушылық пен сезім толғанысын тудырады, өйткені жағдай қалыптасқан өмір салтына әсер етуі мүмкін белгілі бір физикалық және психологиялық өзгерістермен байланысты. Етеккір үзілісінің белгілері қалай байқалатынын және осы өзгерістердің мәні неде екенін қарастырып көрелік. Бәрі соншалықты қорқынышты болып көрінбеуі мүмкін.

Бұл қашан орын алады?

Етеккір үзілісі 45-55 жас аралығында пайда болады. Бұл жағдай туралы айтуға болатын бірінші нәрсе – бұл табиғи нәрсе. Тиісті жасқа жеткенде, әрбір әйел бұл кезеңді басынан өткереді.

Етеккір үзілісінен кейінгі кезеңнің басты ерекшелігі – гормоналды қайта құрылу. Аналық бездер біртіндеп эстроген деген жыныстық гормондар шығаруды тоқтатады, етеккір тоқтайды, әйел бала көтеру қабілетін жоғалтады. Кейбіреулер етеккірмен қоштасып, қажетсіз жүктілік туралы уайымға салынбайтынына қуанышты болса, басқалары бала көтеру қабілетінен айырылып, бұрынғыдай жас көрінбейтініне қайғырады. Алайда көптеген адамдар етеккір үзілісі кезінде әйелдер сүйкімді және жеңсікқұмар болып келеді дейді!

Етеккір үзілісінің алғашқы белгілері мен симптомдары.

Кез келген әйелге организмінде не болып жатқанын түсіну маңызды, бұл жағдайды нашарлататын қажетсіз күйзелістер мен толқулардан аулақ болуға көмектеседі. Сондықтан етеккір үзілісінің алғашқы белгілері мен симптомдары туралы білу керек.

Етеккір үзілісі алдындағы кезең, гормон деңгейінің өзгеруі мыналарға себеп болуы мүмкін:

- Әдеттегіден жеңіл немесе әлдеқайда ауыр өтуі мүмкін тұрақты емес етеккір.

- Көңіл-күйдің өзгеруі.

- Вагиналды құрғақтық.

Бұл симптомдарды етеккір үзілісі кезінде басталуы мүмкін аурулардың симптомдарымен шатастырмау керек!

Менопауза алдындағы кезең


Етеккір үзілісі кейбір әйелдерде ертерек орын алуы мүмкін, оған мыналар әсер етеді:

- Тұқымқуалаушылық.

- Қатерлі ісікті емдеудің радиациялық немесе химиотерапиялық әдістерінің әсері.

- Аналық бездің хирургиялық жолмен алынуы.

Етеккір үзілісі алдындағы кезеңді және етеккір үзілісін қалай жеңуге болады?

- Қашанда қолыңызда бірнеше төсеме немесе тампон болсын.

- Цикліңізді жазыңыз.

- Қанның құйылуын сезінген кезде суық су ішіңіз.

- Ұсақ-түйекке уайымдамаңыз!

- Дұрыс тамақтану эстроген деңгейінің төмендеуі салдарынан жоғарылайтын жүрек ауруының қаупін азайтуы мүмкін.

- Пайдалы, ақуызға бай диета, сондай-ақ тамақтанған сайын көкөністер мен жемістерді тұтыну өте маңызды.

- Тұрақты жаттығулар салмақты азайтуға, май жасушаларын басқаруға, ұйқыны жақсартуға, сүйектерді нығайтуға және көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Күніне 30 минут уақыт бөлуге тырысыңыз.

- Медитация, йога немесе жаңа хобби сияқты стресті азайту әдістері демалуға және жағымсыз белгілерді жеңуге көмектеседі.

- Салқын бөлмеде ұйықтаңыз. Қабат-қабат киініңіз, қатты қан құйылуы кезінде күртешеңізді шешіп, бірден суыну керек.

- Басқа да мәселелер алаңдатса, кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Етеккір үзілісі аяқталғаннан кейін симптомдардың жиілігі төмендеуі керек және олар әдетте, бірнеше жыл ішінде жоғалады. Етеккір үзілісі алдындағы синдром көріністерінің дұрыс таңдалған терапиясы осы кезеңде туындауы мүмкін көптеген асқынулардың алдын алады.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.