Психология және қарым-қатынас

Жігітпен айырылысу кезеңін қалай өткеруге болады?

2,3 мин. Оқу
Жігітпен айырылысу кезеңін қалай өткеруге болады?

Кейде айырылысу ақыр заман орнағандай болып көрінеді. Бірақ қоштасудан кейін қашанда жаңа нәрсе басталады! Дегенмен, бұл кезеңді дұрыс «өткерген» маңызды. Бұл материал осы тақырыпта өрбімек.

Олай болса, ғылыми тұрғыдан біз неге өзімізді жаман сезінеміз?

Қарым-қатынастың басында миымызда окситоцин мен дофамин деген «бақыт пен қуаныш» гормондары өндіріледі екен. Айырылысқаннан кейін ынталандыру жүйесі жұмысын тоқтатады, сол кезде организмде өзгеріс басталады.

Сонда іс жүзінде айырылысуға қалай төзуге болады?

  1. Қайғырыңыз.
    Иә, дәл солай. Жылағыңыз келсе, жылаңыз. Айқайлағыңыз келсе, айқайлаңыз. Ән айтқыңыз келсе, душта қайғылы әндер айтыңыз. Телехикаяларды тоқтамай тамашалаңыз, тәттіні тойғанша жеңіз.

    Сізге бәрі айырылысады, оған соншалықты қайғырудың қажеті жоқ деген сияқты сөздер айтылады. Тыңдамаңыз және жаныңыздың ауырып тұрғанын жасыруға тырыспаңыз. Жаныңыздың қандай күйде екенін өзіңізден басқа ешкім білмейді. Егер сізге ауыр болса, ауыр болсын, өзіңізді аяңыз.

    Күш қайта келеді, бірақ уақыт қажет. Әр адамның өз уақыты бар.
  2. Өзіңізді кінәлі сезінбеңіз.
    Айырылысу кезіндегі жауапкершілік қашанда екі адамға да жүктеледі, бірақ екеуінің жауапкершілігі бірдей болмауы мүмкін. Кімнің көбірек кінәлі екенін іздеудің қажеті жоқ. Серіктесіңізге бірге бастан кешкен тәжірибе үшін ойша алғыс айтыңыз.
  3. Серіктесіңізді қайтаруға тырыспаңыз!
    Егер өмірде ештеңе қалмады, сондықтан бәрін қалпына келтіру керек деп ойласаңыз, ТОҚТАҢЫЗ. Әсіресе ұзақ қарым-қатынастан кейін жалғыз қалған қорқынышты. Бұрынғы жігітіңізге жалынып, өзіңізді қорлап қайтаруға тырыспаңыз. Егер тіпті, ол қайтып оралса да, мұндай қарым-қатынастан жақсы ештеңе шықпайды.

Қорытындылай келе…

Алдымен көз жасына ерік беретін, өзіңізді аяйтын уақыт беріңіз. Эмоционалды босаңсығаннан кейін қарым-қатынасқа ең жақсы тәжірибе ретінде қарап, барлық жақсы нәрселер үшін алғыс айтып, дұрыс нәтиже шығару маңызды. Содан кейін саналы әрі бақытты болу керек.

Өзіңізді тезірек сергіту үшін спортпен шұғылдануды, жаңа хоббиді бастау керек немесе сүйікті фильмдеріңізді қайта тамашалап шығыңыз.

Жігітпен айырылысу кезінде тезірек қалпыңызға келу үшін мынадай фильмдер тізімін ұсынамыз:

  • Безумный Макс.
  • Ешь, молись, люби.
  • Красотка на всю голову.
  • Поезд на Дарджилинг.
  • Тоня против всех.

Есіңізде болсын, өмір қарым-қатынаспен бірге аяқталмайды. Егер тіпті, жақсы ештеңе жоқ сияқты болып көрінсе де, үміт үзбеңіз. Бір кездері сіз сол жігітсіз-ақ өмір сүрдіңіз, демек сіз онысыз қайта өмір сүре аласыз.

Айырылысу – бұл жаңа өмірдің бастауы. Бұл өсуге, саналы және бақытты болуға мүмкіндік береді.

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.