Жеке гигиена мәселелері

Жеке гигиена мәселелері

Қыздар, сырласатын уақыт келді! Әйелдердің денсаулығы – бұл әр қыздың өміріндегі маңызды тақырып, бұл бізге инфекциялардан және қажетсіз аурулардан қорғануға мүмкіндік береді.

Сарпай.
Алдымен бір нәрсе түсініп алайық. Қынап – бұл жатырға өтетін жол, ал оның сырты мен айналасындағы аймақ сарпай деп аталады. Дені сау қынаптың схемасына назар аударыңыз.
Есіңізде болсын, сарпай – бұл тері, сондықтан ол дененің кез келген жеріндегі бөртпе сияқты қабынуы немесе тітіркенуі мүмкін.
Егер сарпайдың жағдайы нашарласа, дәрігерге қаралыңыз. Әйтпеген жағдайда, мынаны қолданып көріңіз:

  • Жуғыш құралдың барлық қалдығын кетіру үшін ішкиіміңізді жақсылап шайыңыз.
  • Ішкиімге арналған жоғары сапалы шайғыш құралды қолданыңыз.
  • Душқа түскен кезде тырнамауға тырысыңыз!
  • Қышуды азайту үшін антисептикалық тальк қолданыңыз.
  • Осы аймақтың тітіркенуіне жол бермес үшін қысатын киім кимеңіз.
  • Тітіркену басылғанша қырынбаңыз және балауызды қолданбаңыз.

    Қынабыңыз таза болу үшін және инфекция түспеу үшін мынадай бірнеше іс-әрекет жасай аласыз:

  • Тампонды енгізгенге дейін және одан кейін қолыңызды жуыңыз.
  • Күн сайын жеке гигиенаны сақтаңыз, күніне бір немесе екі рет душ, ванна қабылдаңыз немесе жуыныңыз.
  • Ұнтақ немесе әтір сияқты вагиналды косметиканы қолданбаңыз.
  • Кір жуған кезде иіссіз сабын қолданыңыз.
  • Сүлгіңізді басқа адамдардың пайдалануына бермеңіз.
  • Үнемі жаттығу жасаңыз және жақсы тамақтаныңыз.
  • Мүмкіндігінше 100% мақта-матадан тігілген ішкиім киіңіз.
  • Тым ұзақ уақыт өте тар джинсы киюге болмайды, әсіресе, қышытатын шығынды кезінде.
  • Төсемелер мен тампондарды жиі-жиі ауыстырыңыз.

    Егер мына белгілердің біреуін немесе бірнешеуін сезінсеңіз, дәрігерге қаралыңыз:

  • Қынаптың кіреберісінің айналасындағы аймақтың қышуы, тітіркенуі немесе ауырсынуы.
  • Дәретхананы пайдалану кезінде ашу.
  • Күшейген немесе ерекше шығынды.
  • Жыныс аймағының ісінуі.
  • Көп мөлшерде қан кету.
  • Жағымсыз иіс.

  • EmptyView

    Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер02

    Төсемелер Kotex Ultra

    Kotex Ultra ультражіңішке төсемелерінің Fast Absorb бірегей сіңіргіш ортасы мен «жұмсақ торлы» бетінің арқасында тіпті «сол күндері» өзіңді мінсіз жайлы және сенімді сезінесіз!

    Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер

    Төсемелер Kotex Ultra Soft

    Kotex Ultra Soft төсемесінің мақтадай сенгісіз жұмсақ беті мен Fast Absorb сіңіргіш жүйесі тіпті «сол күндерде» жайлылық пен сенімділік сыйлайды.

    Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Тампондар

    Тампондар Kotex Active

    Әрбір күн — бұл жаңа қадам! Ал, мүмкін, секіру немесе жүгіру шығар?! Сен таңдаған ырғақпен қимылда — алға, алды-артқа қарамастан және кез келген күні!

    Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Күнделікті төсеу

    Күнделікті төсеу Kotex Active

    Сіз белсенді өмір сүресіз бе және бәрінің үстінде болғыңыз келе ме? Сізге жаңа төсеніштер, тампондар және күнделікті төсеніштер! Олар сіздің өмір салтыңызды ескере отырып жасалған! Бұл тек Kotex® үшін! Қалағаныңызша жылжытыңыз!