Бәрі етеккір туралы

ЕАС және кеуденің ауыруы

1,6 мин. Оқу
ЕАС және кеуденің ауыруы

Әдетте, қыздардағы ЕАС (етеккір алдындағы стресс) қалай өтетінін білесіз бе, айналадағының бәрі ашуландырады, бел ауырады, ал кеуде ауырлап кеткендей болады, ауырады және ыңғайсыз болады!

Сонда не болды?

Етеккір алдында аналық жасушаңыз эстроген және прогестерон деп аталатын екі маңызды гормонды өндіреді. Эстроген кеудеңізге өте қатты әсер етеді, өйткені ол кеудеңізді жүктілікке дайындайды. Күндердің күнінде жүкті болған кезде, ол кеудеңізді бала емізуге дайындайды. Дәл қазір сізге мұның ешқайсысы қажет емес, бірақ денеңіз мұны білмейді.

Жыныстық жетілу кезеңі

Бірақ қазір тек жыныстық жетілу кезеңінде болсаңыз және кеудеңіз дөңгелене бастаса, не нәрсеге назар аудару керек:

Алдымен емізігіңіз өзгереді. Емізікте кішкентай «безеулер» пайда болып, ісінеді, десе де бұл мүлдем «безеу» емес. Бұл кішкентай май бездері, олар уақыты келгенде нәрестені емізген кезде өте пайдалы болады. Оларды сықпаңыз!

Кеуденің терісі қышуы мүмкін. Тітіркенуді жеңілдету үшін Е дәрумені немесе алоэ вера қосылған ылғалдандырғыш кремді қолданып көріңіз.

Егер кеудеңіз күні бойына жетерлік күтімді қажет ететін болса, тартып тұратын емшекқап кию керек. Анаңызбен немесе құрбыңызбен барып, емшекқап сатып алыңыз, сатып алмас бұрын оны өлшеп көріңіз! Емшекқаптың, материалдардың және өлшемдердің көптеген түрлері бар, сондықтан өзіңізге сәйкес келетінін таңдаңыз.

Көптеген жас қыздар кеудесі ауырса немесе ісінгенін байқаса, сүт безінің қатерлі ісігі туралы алаңдайды. Бұл жаста кеудедегі түйіршіктер ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ БЕЛГІСІ ЕМЕС, оларды «фиброденома» деп атайды. Егер олар сізді мазаласа, дәрігерге қаралған жөн. Бірақ бұл жайында бөлек әңгімелейтін боламыз."

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.