Етеккір кезінде жиі кездесетін қиындықтар

Етеккір кезінде жиі кездесетін қиындықтар

Шындықты бетке айтайықшы. ЕАС және етеккір – бұл нағыз сынақ, егер оларды жеңу қиын деп ойласаңыз, өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді ұмытпаңыз. Неліктен етеккір кейбір қыздар үшін жеңіл өтеді, ал басқа қыздар үшін қиындық тудырады?

Біз бәріміз әртүрліміз, біздің етеккіріміз де әртүрлі, бірақ жауап көбіне мынаған байланысты:
- Өмір салты
- Генетика
- Дене салмағы
- Жас кезеңі

Етеккір цикліндегі жиі кездесетін қиындықтар:
- Етеккірдің көп мөлшерде келуі 
- Ауыртатын етеккір
- Тұрақты емес етеккір

Етеккірдің көп мөлшерде келуі (меноррагия деп те аталады).
Кейбір әйелдердің етеккірі ұзақ келеді және ауыр болады. Қатты қан кету алғашқы бірнеше күнде төсемені жиі ауыстырып отыру керектігін білдіреді. Көп мөлшерде келетін етеккір кейбір әйелдерді қатты шаршатуы мүмкін, сондықтан темір қоспаларын қабылдау немесе ет, жаңғақ, бауыр, шемішке сияқты темірге бай тағамдарды немесе асжапырақ сияқты қара-жасыл жапырақты көкөністер жеген пайдалы. 
Ауыр қан кету генетикалық бейімділік, салмақ, диета және дене жаттығуларының болмауы салдарынан орын алуы мүмкін. 

10 күннен астам уақытқа созылған қан кету немесе етеккір арасындағы қан кету жатырда болатын полиптердің немесе миоманың белгісі болуы мүмкін, оны дәрігермен тексеру керек.

Қай кезде алаңдау керек?
- Егер жыныстық қатынастан кейін қан кетсе
- Егер етеккір кезеңінде ұйыған қан көп болса
- Егер жыныстық қатынасқа түсіп жүріп, циклды өткізіп алсаңыз, бәлкім, сіз жүкті болып, оны білместен түсік тастаған боларсыз.
- Егер етеккірден кейін қатты шаршасаңыз және әлсіздікті сезінсеңіз, сізде анемия болуы мүмкін.

Етеккірдің көп мөлшерде келуі (дисменорея деп те аталады).
Көптеген қыздар үшін ең үлкен қиындық –етеккір кезінде болатын адам төзгісіз ауру. Көпшілігіміз үшін бұл өмірдің қалыпты бір  бөлігі; кейбіреулер үшін етеккір кезіндегі ауру қалыпты өмірге кедергі болып табылады және ол адам бірнеше күн бойы істен шығуы мүмкін.
Простагландин гормонының артық болуы салдарынан етеккір кезінде қатты ауырсыну  пайда болуы мүмкін. Бұл гормон жатырдың жиырылуына және етеккір кезінде ол бөлінуі үшін шырышты қабаттың (эндометрий деп аталады) ыдырауына көмектеседі. Аспиринді етеккір басталардан бір күн бұрын қабылдау простагландин деңгейін бақылауға көмектеседі. 

Етеккір кезіндегі ауырсыну кейде жамбас спазмы мен белдің ауыруы түрінде де байқалады. Бұл ЕАС (етеккір алды синдромы) кезінде асқынуы мүмкін, бұл келесілерге байланысты:
- Бас ауруы
- Жүрек айнуы (кейде тіпті, құсу)
- Әлсіздік және бас айналу сезімі
- Мазасыздық және ашушаңдық сезімі

Бұл белгілер әдетте, етеккірдің басында күшейеді. Бірақ мұндай кезде не істей аласыз?
Жүзу, велосипед тебу немесе серуендеу сияқты тұрақты жаттығулар простагландиндердің деңгейін бақылау арқылы етеккір циклі кезіндегі ауырсынуды басуы мүмкін.
Етеккір кезінде ауырсынуды жеңілдету үшін арнайы дайындалған ауырсынуды басатын, рецептісіз сатылатын дәрі-дәрмектер де керемет әсер етеді.
Ішке ыстық су құйылған жылытқышты немесе бөтелкені басу ескі, бірақ сыннан өткізілген әдіс.
Егер осы емдеу әдістерінің ешқайсысы ауырсынуды басуға көмектеспесе немесе ауырсыну кенеттен күшейсе, гинеколог дәрігердің көмегіне жүгінген дұрыс.

Тұрақсыз етеккір. 
Тұрақсыз етеккір етеккіріңіздің сіз күткеннен ертерек немесе кешірек келетіндігін білдіреді. Етеккір ай сайын келмейді – олар цикл түрінде жүреді. Цикл бір етеккірдің бірінші күнінен бастап келесі етеккірдің бірінші күніне дейін созылады, ал сізге айына екі рет етеккір келуі мүмкін. Тұрақсыз цикл – әсіресе, жасөспірімдер үшін, әсіресе, етеккір басталғаннан кейінгі алғашқы екі жыл ішінде ҚАЛЫПТЫ жағдай.

Тұрақсыз етеккір бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:

Стресс тұрақсыз етеккірдің негізгі себебі болып табылады, өйткені ол овуляцияны (аналық жұмыртқаның жетілуін) кешіктіреді. Егер жігітіңізбен айырылыссаңыз немесе үйде немесе оқу кезінде сізге қатты қысым жасалса, онда өткізіп алған цикл денеңіздің өзіңізге біраз уақыт бөлуге мүмкіндік беретінін білдіруі мүмкін. Сондықтан бұған қатысты алаңдамаңыз!
Шамадан тыс дене жаттығуы немесе спортпен шұғылдану овуляцияны кешіктіруі мүмкін, бұл тұрақсыз етеккір тудыруы мүмкін. Егер овуляция біраз уақытқа тоқтаса, етеккір де тоқтауы мүмкін. Егер күн сайын жаттығу жасауды қажет ететін маңызды спорттық іс-шараңыз болған кезде етеккіріңіз уақытша тоқтап қалса, таңғалмаңыз.
Шамадан тыс диета овуляцияны тоқтатып, етеккірді кешіктіруі немесе тоқтатуы мүмкін, әсіресе, егер қыз анорексиямен ауырса. Бұл зиянды және сізге көмекке жүгіну керек.

Тұрақсыз етеккір уақыт өте келе тұрақтанады. Кейбір әйелдерде ешқашан «тұрақты кезең» болмайды, бұл да қалыпты жағдай. Бұл бедеулікке ӘКЕЛМЕЙДІ.

Егер етеккіріңіз 5 айдан астам уақытқа тоқтаса (және жыныстық қатынасқа түспесеңіз) – үрейленбеңіз, бірақ маманға жүгініңіз.
Денсаулығыңызға неғұрлым тезірек көңіл бөлсеңіз, соғұрлым тезірек өзіңізді жақсы сезінесіз!

 

EmptyView

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер02

Төсемелер Kotex Ultra

Kotex Ultra ультражіңішке төсемелерінің Fast Absorb бірегей сіңіргіш ортасы мен «жұмсақ торлы» бетінің арқасында тіпті «сол күндері» өзіңді мінсіз жайлы және сенімді сезінесіз!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер

Төсемелер Kotex Ultra Soft

Kotex Ultra Soft төсемесінің мақтадай сенгісіз жұмсақ беті мен Fast Absorb сіңіргіш жүйесі тіпті «сол күндерде» жайлылық пен сенімділік сыйлайды.

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Тампондар

Тампондар Kotex Active

Әрбір күн — бұл жаңа қадам! Ал, мүмкін, секіру немесе жүгіру шығар?! Сен таңдаған ырғақпен қимылда — алға, алды-артқа қарамастан және кез келген күні!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Күнделікті төсеу

Күнделікті төсеу Kotex Active

Сіз белсенді өмір сүресіз бе және бәрінің үстінде болғыңыз келе ме? Сізге жаңа төсеніштер, тампондар және күнделікті төсеніштер! Олар сіздің өмір салтыңызды ескере отырып жасалған! Бұл тек Kotex® үшін! Қалағаныңызша жылжытыңыз!