Бәрі етеккір туралы

ЕАС және эмоционалды құбылулар

1,7 мин. Оқу
Табу тарихы немесе неліктен етеккір стигматизацияланады?

Әйелдің гормондары матрастың серіппелеріне ұқсас, олар қысымның келуіне байланысты көтеріліп, төмендеп тұрады. Жігіттер тек тестостеронмен айналысуы керек болса, қыздар 24/7 кем дегенде, 8 түрлі гормонның тепе-теңдігін сақтауы керек екен. Олар ұрықтылыққа ғана емес, көңіл-күйге де әсер етеді, әсіресе етеккір кезінде. Бұл оғаштау болып естіледі, солай ма? Дұрыс!

Гормондар

Етеккір барлық гормондар шаршаған кезде, нөлге тең болған кезде басталады. Бұл етеккірге дейін гормондарыңыздың деңгейінің өте төмен екендігін және бұл көңіл-күйіңізге қатты әсер етуі мүмкін екендігін білдіреді.

Екі апта бұрын болған эйфория (овуляция кезінде, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болған кезде) аяқталды да, прогестерон өндірілмей жатыр. Басқаша айтқанда, ұрпақты болу органдарыңыз қараусыз қалған ойын алаңы секілді болады.

Бұл гормондар мынадай белгілері бар ЕАС (етеккір алдындағы стресс) тудыруы мүмкін:

- Ісіну сезімі

- Бас ауруы

- Iштің құрысуы

- Кеуденің ауырсынуы

- Көңілсіздік және көңіл-күйдің өзгеруі

Көңіл-күйдің өзгеруіне қатысты не істеу керек?

Көңіл-күйдің өзгеруін жеңу қиын екенін бәріміз білеміз, бірақ онымен күресуге болатын бірнеше нәрсе бар:

- Есіңізде болсын, қыңырлық пен етеккір бір-бірімен байланысты. Мұндай жайттар болып тұрады! ЕАС-ның қашан орын алатынын білу үшін цикліңізді жазып жүріңіз.

- Күн сайын кем дегенде, 30 минут жаттығу жасаңыз. Бұл қан айналымын жақсартады және эндорфиндердің өндірісін ынталандырады.

- Рационыңызды жақсарту үшін бірнеше күн бойы жейтін барлық тағамдардың тізімін жасаңыз.

- Денеңізді зерттеп, оған пайдалы нәрсені жасаңыз.

- Музыка, кітап оқу және йога, жүру немесе жүзу сияқты жаттығулар арқылы стресс деңгейін төмендетіңіз.

- Өз сезіміңізді құрбыларыңызбен бөлісіңіз."

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.