Әйелдер денсаулығы және гигиенасы

Жүктілік

2,4 мин. Оқу
Жүктілік

Жасөспірімдер арасындағы жүктілік статистикасы өсуде, бірақ жас қыздар кеш болмай тұрып оның салдарын түсінбейді! 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздардың жүктілігі психологиялық тұрғыдан алғанда, олардың психикалық дамуына деструктивті әсер етеді. Мұндай ерте жаста қыз жеке тұлға ретінде жетілмейді, білім алмайды және бала үшін жауапкершіліктің барлық деңгейін түсінбейді.

Қажетсіз жүктілікке қалай жол бермеуге болады?

Ал, бастайық! Жүкті болмаудың жалғыз ғана сенімді жолы – жыныстық қатынасқа мүлдем түспеу. Жыныстық қатынас туралы шешім қабылдау – өте маңызды кезең, оған саналы түрде келу керек.

Бірақ серіктесіңіз екеуіңіз қазір жыныстық қатынаста болсаңыздар:


- Контрацептивтің қандай түрін қолданғыңыз келетінін талқылау үшін дәрігерге бірге барыңыздар.

- Сондай-ақ дәрігер сіздерге жүктілікке қарсы құралдың жауапкершілікпен және жүйелі түрде қалай қолдану керектігі туралы кеңес беруі тиіс.

Егер сізде қорғалмаған жыныстық қатынас орын алса және қажетсіз жүктілік туралы шынымен алаңдасаңыз, дәріханадан немесе дәрігерден жедел контрацепция таблеткасын сатып алуға болады. Бұл таблетканы жыныстық қатынасқа түскеннен кейін 72 сағаттың ішінде қабылдау керек. Оның бірқатар кері әсерлері бар екенін есте сақтаңыз, сондықтан маманмен кеңескен жөн, жедел контрацепция әдісіне жиі жүгінбегеніңіз дұрыс.

Жүктілік кезіндегі белгілер қандай болуы мүмкін?

  1. Етеккірдің кешігуі. Бала бітудің ең басты белгісі – етеккірдің келмеуі.
  2. Жүрек айнуы және құсу. Таңертеңгі әлсіздік жүктілікке тән белгілердің бірі болып табылады және бала біткеннен кейін екі апта өткен соң басталуы мүмкін.
  3. Кеуденің ауырсынуы.
  4. Қуыққа қысым келу және дәретханаға жиі бару.
  5. Гормондардың өзгеруі эмоционалды күйзелістерді тудырады, тұрақты шаршау сезімі де жүктіліктің бастапқы белгісі болып табылады.

Егер жақында жыныстық қатынасқа түскен болсаңыз және жоғарыда аталған белгілердің біреуі немесе бірнешеуі болса, дәріханадан жедел жүктілікті көрсететін тест сатып алуды ұсынамыз.

Егер тест ертерек жасалса, жалған теріс нәтиже болуы мүмкін. Бірақ қан талдауы етеккір кешіктірілгенге дейін жүктілікті растауы мүмкін. Егер алаңдасаңыз, дәрігерден қан талдауына жолдама сұраңыз.

Келесі қадам – бұл туралы біреумен сөйлесу. Есте сақтау керек ең бастысы – сізге достарыңыз бен отбасыңыз бұрынғыдан да қажет және бір-біріңізбен сөйлесу өте маңызды.

Балаңыздың әкесі жүктілік туралы білуге және оған жауап беруге құқылы!

Kimberly-Clark компаниясы ақпараттың толықтығы немесе дәлдігі туралы ешқандай кепілдік немесе растама бермейді. Бұл ақпарат тек нұсқаулық ретінде пайдаланылуы керек және кәсіби медициналық кеңесті немесе денсаулық сақтау мамандарының басқа ұсыныстарын алмастырмауы керек.