Менструация дегеніміз не?

Менструация дегеніміз не?

Етеккір – ауру емес, ай сайын әр әйелдің организмінде орын алатын табиғи процесс. Алғашқы етеккірдің келуі қыз баланың дені сау екенін, қыздың бой жеткенін, болашақта балалы бола алатындығын білдіреді.

Алғашқы етеккір менархе деп аталады және ол 9 жастан 16 жасқа дейін келуі мүмкін. Алайда, басталудың орташа жасы – 13 жас.
Етеккір ай сайын келмейді – бәрі цикл түрінде жүреді және етеккірдің бірінші күнінен бастап келесі басталу күніне дейін есептеледі. Етеккіріңіз тұрақты болады деп күтпеңіз, әсіресе, алғашқы бірнеше жылда, бұл қалыпты жағдай. Кейде етеккір арасындағы интервал қысқа болады (шамамен 21 күн), ал кейде цикл ұзағырақ болуы мүмкін (60 күнге дейін), бірақ циклдің орташа ұзақтығы – 28-30 күн.

Әдетте, қыздардың етеккірге қатысты сезімдері аралас болып жатады, бірақ дене етеккірдің келуіне дайын болған кезде басталатынын есте сақтаған жөн. Процесті тездету немесе оның пайда болуына жол бермеу мүмкін емес.

Алғашқы етеккірден не күтуге болады?
Әр қыздың алғашқы етеккірі ерекше. Кейбіреулерінде қоңыр шырыш болуы мүмкін және бір-екі күн бойы аздаған «шығынды» түрінде болса, енді біреулерінде, өкінішке орай, қатты қан кету орын алады, кейде тіпті, 10 күнге созылады! Анаңыздан оның алғашқы етеккірінің қандай болғанын сұраңыз. Бұл сізді психологиялық тұрғыдан тыныштандыруы мүмкін.

Етеккір неге келеді?
Көптеген қыздар етеккір тақырыбына сөйлесуге ұялады, бірақ алаңдамаңыз, біз сізге бәрін айтып береміз! Әрбір қыз бала әрбір аналық бездің ішінде мыңдаған ұсақ аналық бездермен дүниеге келеді (сізде 2 аналық без бар – жатырдың әр жағында бір-бірден болады). Жыныстық жетілу басталған кезде миыңыз осы кішкентай аналық бездердің біріне «оян» деген хабарлама жібереді!
Аналық бездер оянып, эстроген деп аталатын гормон өндіре бастайды. Эстроген қанға еніп, кеудеге, жатырға және қынапқа «аналық жасушаға дайындалыңдар» деген сигнал береді! Бәрі дайын болған кезде (шамамен 14 күн кетеді), аналық жасуша жатыр түтігіне түседі, бұл овуляция деп аталады.

Бірақ аналық жасуша өте ұзақ өмір сүре алмайды, іс жүзінде бар-жоғы 24 сағат тіршілік етеді, ал егер аналық жасушаны ұрықтандыратын шәует болмаса, онда ол түтікте өледі. Осы кезде жатыр ұрықтандырылған аналық жасушамен кездесуге дайындалып, оған жағымды ыңғайлы төсем жасайды, бірақ аналық жасуша келмеген кезде бұл төсем табиғи түрде ығысуы керек.
Сонымен, тағы 14 күннен кейін (орта есеппен) жатыр «тазару» үшін жиырыла бастайды (кішірейеді), ал дайындалған төсем қынап арқылы «төгілуі» үшін қызыл сұйықтыққа айналады.
Мінеки, етеккір деген осы.

Етеккір қандай болады?
Етеккіріңіз жеңіл немесе көп мөлшерде, дақтары немесе қоңыр шырышы бар қызғылт, қызыл болуы мүмкін. Бұл күн сайын өзгеріп отырады, өйткені орташа есеппен, етеккір 3-тен 7 күнге дейін созылады. Бұл қан көп болып көрінуі мүмкін, бірақ тұтастай алғанда сіз бір етеккір келгенде 2-ден 6 ас қасыққа дейін қан жоғалтасыз! Соншалықты көп емес, иә?
Айтпақшы, Kotex® өнімдерінің толық ассортиментін осы жерден қарап шығыңыз және өзіңізге ыңғайлы гигиена құралдарын таңдаңыз. Етеккір күнделікті өміріңізге кедергі келтіретін, мерекені тоқтататын немесе музыкалық концертті «бұзатын» болып көрінсе де, оған бойыңызды үйрету керек!

Етеккір кезінде ауырсыну.
Етеккір кезіндегі ауырсыну туралы естідіңіз, солай ма? Бұл етеккір спазмы немесе дисменорея деген атаумен де белгілі: қыздардың азғантай пайызында ғана ауырсыну болмайды (олар неткен бақытты!). Ал басқа қыздар етеккір кезінде қатты ауырсынуы мүмкін. Жақсы жаңалық – етеккір кезінде ауырсынуды жеңудің жолдары бар.
Етеккір кезінде ауырсыну әдетте, әйел алғашқы баланы дүниеге әкелгенге дейін созылады. Бірақ күнделікті өмірден ләззат алуға кедергі келтіретіндей айтарлықтай ауыр, қатты, созылмалы ауырсынуды сезінсеңіз, дәрігерге қаралып, тексерілуіңіз керек.

НЕГЕ МЕН?!
Әрине, етеккір көңіл көтеретін құбылыс емес, онымен келісеміз! Бұл мүлдем әділетсіз деп ойлайсыз, өйткені жігіттер мұндай жағдайға тап болмайды ғой. Бірақ жігіттерде басқа проблемалар бар. Мысалы, кез келген уақытта орын алатын бақыланбайтын эрекция! Немесе поллюция. Жігіттер көбіне жасыратын көптеген жағымсыз нәрселер бар.

Етеккір кезінде өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз. Музыка тыңдаңыз. Құрбыңызбен сөйлесіңіз. Сүйікті журналыңызды оқыңыз. Көңіл-күйіңізді көтеретін киім киіңіз. Сыртқы келбетіміз әдемі болғанда, өзімізді жақсы сезінеміз! Етеккір келіп жатса да. Бұл сіздің әйел екеніңіздің бір ғана бөлігі.

EmptyView

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер02

Төсемелер Kotex Ultra

Kotex Ultra ультражіңішке төсемелерінің Fast Absorb бірегей сіңіргіш ортасы мен «жұмсақ торлы» бетінің арқасында тіпті «сол күндері» өзіңді мінсіз жайлы және сенімді сезінесіз!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер

Төсемелер Kotex Ultra Soft

Kotex Ultra Soft төсемесінің мақтадай сенгісіз жұмсақ беті мен Fast Absorb сіңіргіш жүйесі тіпті «сол күндерде» жайлылық пен сенімділік сыйлайды.

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Тампондар

Тампондар Kotex Active

Әрбір күн — бұл жаңа қадам! Ал, мүмкін, секіру немесе жүгіру шығар?! Сен таңдаған ырғақпен қимылда — алға, алды-артқа қарамастан және кез келген күні!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Күнделікті төсеу

Күнделікті төсеу Kotex Active

Сіз белсенді өмір сүресіз бе және бәрінің үстінде болғыңыз келе ме? Сізге жаңа төсеніштер, тампондар және күнделікті төсеніштер! Олар сіздің өмір салтыңызды ескере отырып жасалған! Бұл тек Kotex® үшін! Қалағаныңызша жылжытыңыз!