Табу тарихы немесе неліктен етеккір стигматизацияланады?

Табу тарихы немесе неліктен етеккір стигматизацияланады?

Соңғы жүз жыл ішінде етеккір тақырыбына тыйым салынған, ол туралы сөз қозғалмайтын, ұят болатын және аңызға айналды.

Бастапқы кезде төсемелер мен тампондарға тыйым салынған, құпия тауар болды. Кейінірек жарнама роликтерінде «етеккір» сөзінің орнына «осы» немесе «қиын күндер» деген сөздер қолданылатын. Әйелдер етеккір туралы тыныш және астарлап сөйлесуге тырысқанда, оларға көбінесе «ұят» деп жекіп тастайтын.

Етеккір тақырыбының ұзақ уақыт бойы ұят тақырып болғаны соншалық, стигматизация 21 ғасырда да орын алды. Бірақ қазір біз етеккір қалыпты жағдай деп қабылданатын жаңа дәуірге енді-енді ғана аяқ бастық.

Тарихтың бастауы туралы бірер сөз.

Әрбір дәстүрлі дінге сәйкес, етеккір кезінде әйел таза болмайды екен: буддистер етеккірі келген әйел тамақ дайындамауы, күйеуіне қол тигізбеуі керек деп сенді; мұсылмандар намаз оқуға тыйым салды; православие христиандары әйелдің ғибадатхананың табалдырығын аттауына тыйым салды. Непалда 2005 жылға дейін етеккірі келген әйелді немесе қызды басқа адамдардан оқшаулау дәстүрі болған. Оны «тазаланғанша» арнайы лашық үйге апарып тастайды екен.

Етеккірді стигматизациялаудың басты қиындығы – адамдар оның не екенін түсінбеді.

Kotex стигмаға қарсы алғашқы қадам жасады. Бірақ қалай?

1946 жылы Kimberly-Clark арнайы білім беретін мультфильм түсіруді өтініп, Disney Pictures-ке жүгінгенін көп адамдар біле бермейді.

«Етеккір тарихы» - бұл 10 минуттық анимациялық фильм, ол санитарлық білім беру сыныптарындағы шамамен 105 миллион американдық студентке көрсетілді.

Гинеколог Мейсон Хон фильмнің тек білім беру және интерактивті ғана емес, сонымен бірге ғылыми тұрғыдан дәл екендігіне көз жеткізу үшін арнайы кеңесші ретінде жұмысқа қабылданды.

Көрермендерге «етеккірде таңғаларлық немесе жұмбақ ештеңе жоқ» деп айтылды және бәрін етеккір циклін нақтылау үшін анимациялық диаграмма түріндегі мысалдармен көрсетті. Кадрдағы әйелдер оның қалыпты жағдай екенін көрсету үшін емін-еркін атқа отырды, би биледі, тіпті, етеккір кезінде ашық су қоймаларында шомылды!

Біз бір нәрсені ашық талқылаудан тартынбаған кезде соқыр сенім мен стереотиптерге жол берілмейді.

EmptyView

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер02

Төсемелер Kotex Ultra

Kotex Ultra ультражіңішке төсемелерінің Fast Absorb бірегей сіңіргіш ортасы мен «жұмсақ торлы» бетінің арқасында тіпті «сол күндері» өзіңді мінсіз жайлы және сенімді сезінесіз!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер

Төсемелер Kotex Ultra Soft

Kotex Ultra Soft төсемесінің мақтадай сенгісіз жұмсақ беті мен Fast Absorb сіңіргіш жүйесі тіпті «сол күндерде» жайлылық пен сенімділік сыйлайды.

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Тампондар

Тампондар Kotex Active

Әрбір күн — бұл жаңа қадам! Ал, мүмкін, секіру немесе жүгіру шығар?! Сен таңдаған ырғақпен қимылда — алға, алды-артқа қарамастан және кез келген күні!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Күнделікті төсеу

Күнделікті төсеу Kotex Active

Сіз белсенді өмір сүресіз бе және бәрінің үстінде болғыңыз келе ме? Сізге жаңа төсеніштер, тампондар және күнделікті төсеніштер! Олар сіздің өмір салтыңызды ескере отырып жасалған! Бұл тек Kotex® үшін! Қалағаныңызша жылжытыңыз!