Етеккір туралы аңыздар

Етеккір туралы аңыздар

Етеккір және ақ түсті киім кию – мүмкін емес нәрсе. Бірақ біз неден қорқамыз? Бәрі ойдағыдай болмай қалады да, адамдар біздің дақтарымызды көріп қояды деп ойлайсыз ба? Өзіңізді шектейсіз, бірдеңе бола қалған жағдайда мазаққа айналамын деп қорқасыз. Солай емес пе?

Мұның бәрі етеккір тақырыбының айналасында өрбіген көптеген аңыздың салдары. Жағдайды бақылауда ұстау үшін және оған тәуелді болмау үшін – етеккір туралы аңыздардың толық тізімін қарап шығыңыз.

Бұл шектеуден бір қадам алға ұмтылыңыз.

1 аңыз.

Қан жоғалту салдарынан талып қалуға болады.

Етеккір кезінде қан сіз ойлағаннан да көп ағып жатқан сияқты болады. Орташа алғанда, етеккір кезінде 2-3 ас қасық қан кетеді екен. Сондықтан етеккіріңіз тым көп келмесе, әлсіздіктің болу-болмауы екіталай.

Егер сіз етеккірі шамадан тыс көп келетін әйелдердің 10%-ының қатарында болсаңыз және әлсіздік пен бас айналуға әкеп соғатындай қан жоғалтсаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.

2 аңыз.

Татуировка және ботокс жасауға болмайды.

Етеккір кезінде тату, ботокс, массаж, тіпті, қалағаныңыздың бәрін жасауға болады, оның  ешқандай салдары болмайды. 

Алайда, етеккір кезінде ауырсынуға төзімділік деңгейі өзгеруі мүмкін екенін ескерткіміз келеді, яғни процедуралар мен жазылу басқа уақытта жүргізілгеннен гөрі ауырлау болып көрінуі мүмкін.

3 аңыз.

Ванна қабылдауға болмайды.

Бұл қате түсінік адамдардың суға түсу рәсімдерін бірге қабылдаған кезде пайда болған сыңайлы. Мысалы, моншаларда немесе көлдерде. Бұл «аңыздың» қаншалықты ескі  екенін енді түсініп тұрған шығарсыз? Кейбір әйелдер етеккір кезінде су ішке кіріп кетіп, «бірдеңе» жұқтырып аламын ба деп алаңдайды. Әрине, бұл аңыз, гигиенаны сақтаған жағдайда судың тиіп кетуіне байланысты инфекция жұқтырып алу мүмкіндігі циклдің басқа күндеріндегідей өте  төмен, сондықтан кез келген күні көбікті ваннадан ләззат алыңыз!

4 аңыз.

28 күндік цикл үнемі өзгеріссіз.

Жоқ, мүлдем олай емес. Цикліңіз 21 күнге де, 35 күнге де созылуы мүмкін, өйткені бірінші кезекте, сіз дамып, өзгеріп отыратын тірі адамсыз. Сіздің менталды күйіңіз де маңызды рөл атқарады. Ғылыми тұжырымға сәйкес,  қатты стрестің салдарынан етеккір бірнеше ай бойы келмеуі мүмкін. Сондықтан жақсы көңіл-күй – салауатты өмірдің басты факторларының бірі.

P.S.

Ай мен етеккір циклінің байланысы қай жағынан алып қарасақ та, ежелгі ертегі. Қазіргі зерттеулер екі құбылыстың арасында ешқандай байланыс жоқ екенін көрсетіп отыр.

«Айға сенудің» әлі де орын алуы – кездейсоқтық, өйткені ай циклі 29,5 күнге созылады, ал етеккір 21 күннен 35 күнге дейін өзгеріп отырады. Яғни, етеккір циклі 29-30 күнге созылса ғана сәйкестік орын алады, әйтпесе олай болуы мүмкін емес.

5 аңыз.

Қыздардың етеккірі үйлеседі.

Бұл етеккір туралы ең көп таралған аңыздардың бірі. Бұл аңыз елу жыл бұрынғы  зерттеудің салдарынан орын алған. Жаңа және анағұрлым жете зерттеулер цикл мен қарым-қатынас жиілігінің байланысты емес екенін дәлелдеді. Яғни, бұл етеккір үйлесімділігі емес, қарапайым математика: құрбыларыңыздың көпшілігінің циклдері сәйкес келеді.

6 аңыз.

Тампондар қынап микрофлорасына зиянды.

Етеккір кезінде флора шынымен де өзгереді және бактериялардың дамуына бейім болады. Алайда тампондардың бұған ешқандай қатысы жоқ.

Егер оларды уақытында ауыстырып тұрсаңыз, олар табиғи тепе-теңдікті бұзбайды және инфекциялардың белсенді өсуіне әкелмейді.

7 аңыз.

Етеккір кезінде спортпен шұғылдануға болмайды.

Барлығы керісінше. Дене белсенділігі, шын мәнінде, етеккір кезіндегі спазмнан құтылудың ең жақсы тәсілі. Тым қатты күш салмау керек, бірақ жүру, пилатес немесе йога сияқты бірқалыпты қозғалыстар көңіл-күйді көтереді, тіпті, ауырсынуды белгілі бір дәрежеде жеңілдетеді.

8-12 аңыз.

Етеккір кезінде жүзуге байланысты аңыздар тампон әлі болмаған кезде пайда болуы мүмкін. Сондықтан етеккір кезінде жүзе аласыз, ал Kotex Active тампондары сізге көмектеседі.

1. Бұл күндері суға түсу зиянды емес.

Суда қынаптық инфекцияны жұқтырып алу қиын, сондықтан етеккір кезінде жүзу басқа күндерге қарағанда қауіпті емес.

 

2. Суда етеккір тоқтайды.

Иә, суда қан кету баяулайды, бірақ ол толығымен тоқтап қалмайды. 

 

3. Жүзу кезінде спазм күшейеді.

Төмен қарқынды су жаттығулары етеккір ауырсынуын жеңілдетуге көмектеседі.

 

4. Етеккір кезінде акулалар шабуылдауы мүмкін.

Қан аз болғандықтан, ол акуланы тіпті,  қызықтырмайды.

 

5. Бассейндегі су қызыл түске боялуы мүмкін.

Әрине, жоқ, өйткені Kotex тампоны бүкіл қанды сенімді сіңіреді.

EmptyView

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер02

Төсемелер Kotex Ultra

Kotex Ultra ультражіңішке төсемелерінің Fast Absorb бірегей сіңіргіш ортасы мен «жұмсақ торлы» бетінің арқасында тіпті «сол күндері» өзіңді мінсіз жайлы және сенімді сезінесіз!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер

Төсемелер Kotex Ultra Soft

Kotex Ultra Soft төсемесінің мақтадай сенгісіз жұмсақ беті мен Fast Absorb сіңіргіш жүйесі тіпті «сол күндерде» жайлылық пен сенімділік сыйлайды.

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Тампондар

Тампондар Kotex Active

Әрбір күн — бұл жаңа қадам! Ал, мүмкін, секіру немесе жүгіру шығар?! Сен таңдаған ырғақпен қимылда — алға, алды-артқа қарамастан және кез келген күні!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Күнделікті төсеу

Күнделікті төсеу Kotex Active

Сіз белсенді өмір сүресіз бе және бәрінің үстінде болғыңыз келе ме? Сізге жаңа төсеніштер, тампондар және күнделікті төсеніштер! Олар сіздің өмір салтыңызды ескере отырып жасалған! Бұл тек Kotex® үшін! Қалағаныңызша жылжытыңыз!