Етеккір кезінде ауырсыну

Етеккір кезінде ауырсыну

Бұл жағымсыз сезімді бәріміз білеміз. Ол күнді достарыңызбен бірге жақсы өткізіп жүруіңіз мүмкін, бір кезде ішіңіз солқылдап немесе төмен тартып ауыра бастайды.

Мұндай сәттерде, әдетте, құрысудың етеккірмен байланысты екендігі бірден белгілі.
Кез келген әйел өз тәжірибесінен етеккір кезіндегі ауырсынудың не екенін білуі керек. Дәрігерлердің деректері бойынша, әйелдердің 80%-ы етеккір кезінде қиналады екен. Кейбіреулерде бұл проблема ара-тұра, суық тигенде немесе шамадан тыс шаршағанда пайда болады, ал енді біреулер тұқымқуалаушылыққа байланысты өмір бойы қиналады.
Етеккір кезінде ауырсынудың себебі неде екенін толығырақ түсіндіруге тырысайық.

Көп жағдайда етеккір кезіндегі ауыруды өте қарапайым тілмен түсіндіруге болады. Егер аналық жұмыртқаның жетілуі нәтижесінде жүктілік пайда болмаса, эндометрий (жатырдың шырышты қабаты) жатырдың қабырғаларынан алынады, бұл ретте простагландиндер шығарылады, бұл жатырдың шырышты қабық қалдықтарының жақсы шығуына ықпал етеді (бұл етеккір болып табылады). Сонымен егер простагландиндер көп түзілсе, бұлшықеттер белсенді түрде жиырылады, бұл етеккір кезіндегі ауырсынуды тудырады.

Әйелдердің жыныстық жүйесімен тікелей байланысты емес басқа бірқатар себептер де бар, олар етеккір кезінде ауырсыну тудыруы мүмкін. Нақтырақ айтсақ:

  • организмдегі магний мен кальций тапшылығы
  • дұрыс тамақтанбау
  • стресс және ұйқының жеткіліксіздігі
  • суық тию
  • және тағы басқалар.

Көбіне етеккір кезіндегі ауырсыну іштің төменгі бөлігінде пайда болады және тартуы, солқылдауы немесе ұстамалы болуы мүмкін. Көптеген әйелдер етеккір басталғанға дейін немесе етеккір кезінде ауырсынуды сезінеді. Кейбір әйелдер тек аздап ыңғайсыздықты сезінеді, ал басқаларында ауырсынудың соншалықты күшті және қатты болатыны соншалық, ай сайын әдеттегі өмір салты бірнеше күн бойы бұзылады.

Кез келген жағдайда ешқашан өзіңізді емдеумен айналыспаңыз немесе жағымсыз сезімге ерлікпен көне бермеңіз. Осы симптомдардың себебін анықтау және жою үшін гинекологқа мүмкіндігінше тезірек барып, әдеттегі белсенді өмірге тезірек оралыңыз.

EmptyView

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер02

Төсемелер Kotex Ultra

Kotex Ultra ультражіңішке төсемелерінің Fast Absorb бірегей сіңіргіш ортасы мен «жұмсақ торлы» бетінің арқасында тіпті «сол күндері» өзіңді мінсіз жайлы және сенімді сезінесіз!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер

Төсемелер Kotex Ultra Soft

Kotex Ultra Soft төсемесінің мақтадай сенгісіз жұмсақ беті мен Fast Absorb сіңіргіш жүйесі тіпті «сол күндерде» жайлылық пен сенімділік сыйлайды.

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Тампондар

Тампондар Kotex Active

Әрбір күн — бұл жаңа қадам! Ал, мүмкін, секіру немесе жүгіру шығар?! Сен таңдаған ырғақпен қимылда — алға, алды-артқа қарамастан және кез келген күні!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Күнделікті төсеу

Күнделікті төсеу Kotex Active

Сіз белсенді өмір сүресіз бе және бәрінің үстінде болғыңыз келе ме? Сізге жаңа төсеніштер, тампондар және күнделікті төсеніштер! Олар сіздің өмір салтыңызды ескере отырып жасалған! Бұл тек Kotex® үшін! Қалағаныңызша жылжытыңыз!