Шығынды қандай болады?

Шығынды қандай болады?

Қынаптан бөлінетін шығынды – қалыпты жағдай, өйткені қынаптың табиғаты ылғалды. Сонымен қатар шығындының иісі қышқыл болып көрінуі мүмкін, бұл да қалыпты жағдай және инфекцияның алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұл жайында әңгіме қозғаған өте ыңғайсыз екенімен келісетін шығарсыз, бірақ білу керек өте маңызды нәрселер бар.

Ішкиімдегі кез келген шығынды – қалыпты жағдай, ол үшін күйзелудің қажеті жоқ. Бірақ егер бұрын-соңды болмаған қышу немесе жағымсыз иіс пайда болса, дереу дәрігерге қаралу керек, әсіресе жыныстық қатынасқа түскен болсаңыз.

Шығынды түрлері.

- Әдетте, шығынды келесі етеккір кезеңінен екі апта бұрын басталады және жұмыртқаның шикі ақуызына ұқсайды. Ылғал және жылтыр, иісі жоқ, қышытпайды, тек ішкиімді «дымқылдандырады». Бұл қалыпты жағдай, алаңдайтын ештеңе жоқ.

- Қоңыр шырыш: бұл әдетте, етеккірдің аз уақытта басталатынын немесе аяқталатынын білдіреді. Бұл «жаман қан» емес, организмде бір тәуліктен артық уақыт кідіріп қалған қан. Ескі қан қоңыр түске айналады.

- Қою, ақ және түйіршік түріндегі шығындылар: бұл әдетте, вагиналды ашытқыш инфекция, кандидоз деп те аталады, бұл әдеттегідей құбылыс және жүйеңіздегі бактериялардың теңгерімсіздігінен туындайды.

- Қышытатын шығындылар: әдетте, грибоктық инфекцияны білдіреді, мысалы, ақ шығынды.
- Балықтың иісі бар шығынды: әдетте, бактериялық вагинит деп аталатын инфекцияның белгісі. Бірақ бұл жыныстық жолмен берілетін инфекция емес.

- Жасыл / сары / ақ түсті, жағымсыз иісі бар, көбік түріндегі шығынды әдетте, жыныстық қатынас кезінде жұғатын инфекцияның белгісі болып табылады. Шығындының бұл түрі орын алса, тексеріліп, міндетті түрде емделу керек.

Егер алғашқы етеккіріңіз келмесе, қынап шығындысы етеккірдің жақындап келе жатқан белгілерінің бірі болып табылады. Қазір көп ұзамай қажет болуы мүмкін бірнеше Kotex® қаптамасын жинайтын тамаша уақыт.

Цикл кезінде етеккір аяқталғаннан кейін қынабыңыз бірнеше күн бойы құрғап қалатынын байқайсыз.
Содан кейін организмнен бөлінген шығындыны байқай аласыз (қандай екенін жоғарыдан қараңыз). Бұл денеңіздің осы уақытта жүкті болуға дайын екенін білдіреді, яғни овуляция жүреді. Сондай-ақ көңіл-күйіңіздің күрт жақсарғанын, ал өзіңізге деген сенімділігіңіздің арта түскенін байқайсыз. Өйткені гормондар (эстроген және прогестерон) шыңына жетіп, өзіңізді жақсы сезінуге әсер етеді!
Осындай әсер орын алғанда күнтізбеңізде осы күнді белгілеп қойыңыз. Содан кейін 14 күн бұрын есептеңіз, сөйтіп келесі етеккірдің басталу күнін болжай аласыз.

Шығынды кезінде не істеу керек?
Өзіңізге ыңғайлы болу үшін:

- Жұқа күн сайынғы төсемелер – ішкиіміңізді етеккірдің бірінші күнінде ағып кетуден және басқа да шығындылардан қорғаудың тамаша тәсілі.

• Күн сайын таза ішкиім киіңіз.
• Тар джинсы киюге болмайды.
• Зәр шығарғаннан кейін әрдайым алдыңғы жағынан артқа қарай сүртіңіз.
• Ванна суына көбік немесе хош иісті май қоспаңыз.

Егер қасыңызда талқылауға ыңғайлы бір жан болса, мұның бәрі оңайырақ болып көрінуі мүмкін. Есіңізде болсын, Kotex® әрқашан қасыңызда, сондықтан бізден кез келген нәрсені сұрай беріңіз!

EmptyView

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер02

Төсемелер Kotex Ultra

Kotex Ultra ультражіңішке төсемелерінің Fast Absorb бірегей сіңіргіш ортасы мен «жұмсақ торлы» бетінің арқасында тіпті «сол күндері» өзіңді мінсіз жайлы және сенімді сезінесіз!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Төсемелер

Төсемелер Kotex Ultra Soft

Kotex Ultra Soft төсемесінің мақтадай сенгісіз жұмсақ беті мен Fast Absorb сіңіргіш жүйесі тіпті «сол күндерде» жайлылық пен сенімділік сыйлайды.

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Тампондар

Тампондар Kotex Active

Әрбір күн — бұл жаңа қадам! Ал, мүмкін, секіру немесе жүгіру шығар?! Сен таңдаған ырғақпен қимылда — алға, алды-артқа қарамастан және кез келген күні!

Котекс -Kotex брендінің Қазақстандағы ресми сайты - kotex.kz - Күнделікті төсеу

Күнделікті төсеу Kotex Active

Сіз белсенді өмір сүресіз бе және бәрінің үстінде болғыңыз келе ме? Сізге жаңа төсеніштер, тампондар және күнделікті төсеніштер! Олар сіздің өмір салтыңызды ескере отырып жасалған! Бұл тек Kotex® үшін! Қалағаныңызша жылжытыңыз!